Петр Иванович Громов (1895, Калуга, Ресей империясы – ?) – кеңестік партия және мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны 1895 жылы Калуга қаласында жұмысшы отбасында туған. 1917 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1908 жылы (шілде) — Баспада әріп терушінің оқушысы, әріп теруші (Калуга қ.) болды. 1917 жылы (қараша) - 1918 жылы (қаңтар) — Калуга республикасы Халық комиссариатының қарамағындағы Төтенше тергеу комиссиясының төрағасы болды. 1918 жылы (қаңтар) - 1919 жылы (маусым) — Калуга губревтрибуналы тергеу комиссиясының төрағасы болды. 1919 жылы (маусым) - 1922 жылы (қараша) — Калуга губревтрибуналының төрағасы болды. 1922 жылы (қараша) - 1925 жылы (наурыз) — Калуга губсотының төрағасы қызметін атқарды. 1925 жылы (наурыз-тамыз) — Калуга губерниясы жұмысшы-шаруа инспекциясы бақылау комиссиясының төрағасы болды. 1925 жылы (тамыз) — Пенза губсотының төрағасы қызметін атқарды. 1928 жылы (тамыз) - 1930 жылы (маусым) — Пенза округі жұмысшы-шаруа инспекциясы бақылау комиссиясының төрағасы болды. 1930 жылы (маусым) - 1932 жылы (маусым) — Орта Еділ өлкелік соты төрағасының бірінші орынбасары (Самара қ.) болды. 1932 жылы (маусым) - 1935 жылы (қазан) — Северный өлкелік сотының төрағасы (Архангельск-Северный қ.) болды. 1935 жылы (қараша) - 1937 жылы (қаңтар) — РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесінде, 1936 жылдан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Соты Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1937 жылы (қаңтар) - 1938 жылы (тамыз) — Қазақ КСР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары, арнайы алқа төрағасы болды. 1938 жылы (тамыз) - 1939 жылы (сәуір) — Қазақ КСР Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарушы болды. 1939 жылы (сәуір) - 1940 жылы (қыркүйек) — Қазақ КСР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1940 жылы (қыркүйек) — КСРО Әділет халық комиссариатының қарамағына жіберілді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары Санат:КОКП мүшелері