Некілтау — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, темір жол бекеті. Іргесі 1944 жылы темір жол станциясы ретінде қаланған.
Географиялық орны Аудан орталығы – Хромтау қаласының солтүстік-батысында 35 км жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 886 адам (436 ер адам және 450 әйел адам) болса, 2009 жылы 932 адамды (463 ер адам және 469 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 925 адамды (462 ер адам және 463 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Ауылда ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Никельтау арқылы Қандыағаш – Орск (Ресейде) темір жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері