Боговицкий Вениамин Михайлович (1907–1981) — жазушы, әскери және партия қызметкері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

Кеңес партия мектебін (1928), ауыл шаруашылығы институтының 2 курсын (1935), Әскери-әуе күштері академиясын (1940), дивизиядағы саяси бөлім курсын (1944) бітірген. Еңбек жолын 1920 жылы бастаған. 1930 — 46 жылдары Кеңес армиясы қатарында болған. Әскер қатарынан босаған соң Көкшетау облысы Келлер ауданы Летовочный МТС-ның төрағасы, 1949 жылдан Арықбалық ауданы партия комитетітінің 1-хатшысы, 1954 жылдан Бурабай ауданы Жұмысшы депутаттар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Запастағы полковник.

«Крылатая гвардия», «Пятый океан», «Трудная любовь» кітаптарының авторы.

Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1907 жылы туғандар Санат:1981 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Әскери-әуе күштері академиясы түлектері Санат:Арықбалық аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары Санат:Бурабай аудандық кеңесінің төрағалары Санат:Қазақстан полковниктері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері