Сауқайың – Қобда алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Әбді тауының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Қобда ауылынан жоғарыда 5 км жерде Қобда өзеніне сол жағалауынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 1420 км2. Ірі салалары: Ащысай, Шолаққайың, Құдықсай, Қуағаш, т.б. Жоғарғы жəне орта ағысы жазық өңірмен ағады, Білтабанов ауылы маңынан бастау аңғары кеңейеді (3–5 км), арнасының жағалауы түйетайлы келген. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Жайылмасы шабындыққа, алабы егістікке пайдаланылады. Сондай-ақ өзен бойында шағын тоғандар салынған.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы өзендері