Сібе, Сибинка – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Шұбаршоқы тауларындағы қайнар бұлақтардан алып, Абылайкит өзеніне Мамай батыр ауылы тұсында сол жағалауынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1010 км2. Өзеннің 100-ден астам саласы бар. Ірілері: Шекубай (Шікубай), Талды, Байша, Сарыбұлақ, Əлібек, Шортай, т.б. Баяш Өтепов ауылына дейінгі арнасының жағалауы жартасты шатқал түзеген. Мамай батыр ауылына дейінгі аңғары кеңейіп (8–10 км), жағалау бойы жазық, арна беткейі жарлауытты келеді. Арнасында жыл бойы су болады. Жағалау бойында қайың, терек, қарағайдан тұратын сирек орман қалыптасқан. Негізінен жер асты суымен толығады. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуір айында ериді. Өзенмен ағаш ағызылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы