2017 жылдың 16 сәуірінде Түркияда биліктегі Әділет және Даму (AKP) мен Ұлттық Қозғалыс (MHP) партиялары ұсынған түрік конституциясына 18 түзетуді мақұлдау туралы конституциялық референдум өтті. Оны бекіту нәтижесінде Премьер-Министрдің кеңсесі таратылды, ел парламенттік республика жүйесінен президенттік республикаға көшті, Парламенттегі жалпы депутат саны 550-ден 600-ге көтерілді, Президенттің өзі ғана төтенше жағдай жариялап, парламентті тарата алатын болды және басқа да өзгерістер бекітілді. Оның қарсыластары Ердоғанның бұл шешімін «авторитаризм орнату үшін жүргізілген» деп айтқан.
Референдумда ресми дереккөздерге сүйенсек сайлаушылардың 51.41%-ы "иә" деді. Нәтижелерден кейін Түркия сайлау комиссиясы шешіміне наразылық білдіру үшін ауқымды наразылықтар басталды. Одан кейінгі баяндамаларында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) науқан кезіндегі әділетсіздікті сынап, ТСК шешімін заңсыз деп жариялады.
Дереккөздер
Санат:Конституциялық референдумдар Санат:2017 жылдағы Түркия Санат:Түркия саясаты