Сарыбиік – Қалба жотасының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бұрсақ ауылының солтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 601 м. Маймекен жəне Бұрсақ өзендерінің суайрығында жатыр. Беткейі тіктеу. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Тау етегінде қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған.
Өсімдігі Таудың қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында далалық түрлі шөптесіндер, бұталар өседі. Атырабы шабындық, жайылым ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы таулары