Теймури (өз атауы - теймури, тимури.) — Ауғанстанның және Иранның шекаралас аудандарында тұратын халық. Жалпы саны 290 мың адам, Иранда – 170 мың адам, Ауғанстанда – 120 мың адам.

Этногенезі Теймурилердің шығу тегі туралы екі нұсқа бар. Теймурилер XIII ғасырда моңғол шапқыншылығынан кейін өздерінің этникалық территориясына қоныстанған. Басқа бір мәлімет бойынша, теймурилер Орта Азиядан шыққан және атын XIV ғасырдың аяғында оларды жаулап алған Темірден алған. Теймурилердің этногенезіне түркі және иран халықтары қатысты деп болжауға болады.

Тілі Тілі - дари және парсы (фарсы) тілдері.

Діні Теймурилер – сүнниттік мұсылмандар, Ирандағы теймурилердің едәуір бөлігі – шииттік мұсылмандар.

Кәсібі Ауғанстанның теймурилеріне шаруашылықтың отырықшы және жартылай көшпелі түрі тән. Кәсібінің негізі егіншілік, қой шаруашылығы қосалқы рөл атқарады. Иранның теймурилері жайылымдық мал шаруашылығымен айналысады.

Тұрмыс салты

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Олар ауғандықтарға ұқсас қара киізбен жабылған шатырларда тұрады.

Дереккөздер

Санат:Ауғанстан халықтары Санат:Иран этникалық топтары