Тернатандар (өз атауы - тернате, тернатандар, ибу, джаилоло) — Индонезиядағы ұлт. Олар Тернате аралын және батыс Халмахераның (Молукка аралдары) жағалау бөлігін мекендейді. Жалпы саны 160 мың адам. Субэтникалық топтар: ибу, джаилоло, тернато-португал.
Тілі Олар Молуккалардың солтүстігінде делдал тіл рөлін атқаратын тернат тілінде сөйлейді. Жазуы XVII-ғасырдан араб әліпбиі, XX ғасырдан латын әліпбиі негізінде.
Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі – католиктер.
Тарихы нобай|оңға|200px|Тернатедегі мерекелер кезінде соя биін орындау Бастапқыда мемлекет Гапи деп аталды, бірақ кейін өз атауын астанасы атауына байланысты - Тернат деп өзгертті. Мемлекет 1570-1583 жылдары билеген Бабулла сұлтан тұсында ең үлкен гүлденуге жетті. Ол Индонезияның шығыс бөлігін және Филиппиннің оңтүстігінің бір бөлігін басқарды. Тернат әлемдегі ең ірі қалампыр өндірушісі болды. 1605 жылы Голландиялық Шығыс Үндістан компаниясы Тернатта өзінің алғашқы бекінісін құрды және 16 ғасырда Тернатқа жақын аралдарда дәмдеуіштер саудасына монополиясын кеңейтуге тырысты, 16-17 ғасырлардағы голландтар бекініс ретінде пайдаланды.
Кәсібі Қазіргі кәсібі копра өндірісіне негізделген. Ауыл шаруашылығы (күріш, тәтті картоп, маниок), саго өндіру, балық аулау және теңіз кәсібі дамыған.
Тұрмыс салты Аумақтық ауылдық қауымдастықтар шағын отбасылардан тұрады. Неке патрилокалды. Көптеген тернаттар Тернат қаласында тұрады.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары