Ричард Кромвель (; 1659 жылдан Сынған ДикБилік қолынан кеткен кезде Р. Кромвеллге Сынған Дик лақап аты берілді. Бұл дерде Дик — Ричард (Richard) атының қысқартылған түрі. (); лақап атымен белгілі болған; Richard Cromwell // Encyclopædia Britannica Richard Cromwell // The Peerage Richard Cromwell // Брокгауз Энциклопедиясы / Hrsg.: , Хантингдон, Кембриджшир, Англия — , Хартфордшир, Англия, Ұлыбритания) — ағылшын мемлекеттік және саяси қайраткері, Англия, Шотландия және Ирландияның екінші лорд-протекторы (1658—1659). Ағылшын революциясының көшбасшысы Оливер Кромвельдің үшінші ұлы.

Ерте өмірі және отбасы Кромвель 1626 жылы 4 қазанда Хантингдонда Оливер Кромвель мен оның әйелі Элизабеттің үшінші ұлы болып дүниеге келгенWaylen & Cromwell 1897, p. 28. Ричардтың балалық шағы туралы мәлімет аз. Ол үш ағасымен Эссекстегі Фельстед мектебінде анасының үйіне жақын жерде білім алған. Оның университетке барғаны туралы деректер жоқ. 1647 жылы мамырда ол Линкольс-Инн заң қоғамының мүшесі болды, бірақ кейіннен адвокатураға шақырылмады. Оның орнына 1647 жылы Кромвель Жаңа үлгі армиясына құтқару қызметінің капитаны ретінде қосылды. Ол 1640 жылдардың соңында Томас Фэрфакстың () «құтқару отрядында» капитан қызметін атқарған болуы мүмкін, бірақ дәлелдер қарама-қайшы.

1649 жылы Ричард Кромвель Гемпширден келген дворян Ричард Мэйжордың қызы Дороти Мэйджорға () үйлендіWaylen & Cromwell 1897, p. 37. Әйелімен бірге ол кейінірек Хурслидегі негізгі мүлікке көшті. 1650 жылдары олардың тоғыз баласы болды: бесеуі кәмелеттік жасқа дейін аман қалдыWaylen & Cromwell 1897, pp. 37–40.

Саяси қызметі thumb|200px|Оливер Кромвельдің қайтыс болғанын және Ричард Кромвеллдің лорд-протектор ретінде мұрагер болуын жариялайтын мәлімдеме. 1658 жылы Шотландияда басылған. 1658 жылы 3 қыркүйекте Оливер Кромвель қайтыс болғаннан кейін Ричард Англия, Шотландия және Ирландияның лорд-протекторы қызметін атқарды. 1659 жылы Үшінші Парламент шақырылды.

Әскерлер арасында беделі жоқ, мүмкін, тіпті жеткілікті білімі де жоқ, бала кезінен ауыл өмірін қаланың күйбеңінен артық көретін ол депутаттар арасында да, Лондон қоғамынан да кең қолдау таппады. Қаржы дағдарысы жағдайында тұрақты үкімет құра алмаған соң, ол шақырған парламент жойылып, қызметіне кіріскеннен сегіз айдан кейін 1659 жылы 25 мамырда отставкаға кетуге мәжбүр болдыSmith, Henry (1620—1668?)(DNB00). Dictionary of National Biography, 1885—1900, Volume 53. Smith, Henry (1620—1668?) by Bertha PorterHenry Smith (1620—1668)..

Қызметтен кеткеннен кейінгі өмірі (1659–1712) Монархия 1660 жылдың шілдесінде қалпына келтірілгеннен кейін, ол Францияға эмиграцияға кетті. Еуропаның әртүрлі елдерін аралап, бірнеше еуропалық сарайға барды. Біраз уақыт Швейцарияда тұрды. Ол бірнеше бүркеншік есім қолданды, олардың ішінде Джон Кларк та болды. 1680 немесе 1681 жылы Англияға қайтып оралып, Хартфордшир графтығындағы Чешант қаласында белгілі саудагер Томас Пенгеллидің үйіне қоныстанды. Ол Хэмпшир графтығындағы Херслидегі өзінің жеке иелігінен түсетін табыс есебінен өмір сүрді. 1712 жылғы 12 шілдеде, 85 жасында қайтыс болды.

Әдебиет

Дереккөздер

Түсініктемелер

Деректер

Сыртқы сілтемелер

BBC Bio of Oliver Cromwell Britannia.com "Monarchs" Page on Richard Cromwell