Шартты бағыныңқы сабақтас — бағыныңқысы басыңқыдағы іс-әрекет, жай-күйдің болу я болмау шартын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің бір түрін айтады. Шартты бағыныңқының мынадай белгілері болады: Шартты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысы басыңқыдағы істің шарты болып келеді. Басыңқыдан бағыныңқыға қайтсе? деген сұрақ қойылады. Бағыныңқының баяндауышы -са/-се формалы шартты райлы етістік болады. Басқа сабақтастың түрлерінен ерекшелігі-өз бастауыштарымен қиыса байланысады. Мысалы: Мен саған сенбесем, бұл сырды айтпас едім ғой. Сирек болса да, кейде шартты бағыныңқының баяндауышы -қан, -кен, -да, -де; -й, -ынша, -інше формалы етістік болып келеді. Мысалы, Бірлік болмай, тірлік болмас. Жазғанда бағыныңқыдан кейін үтір қойылады.Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис: Оқуға түсуші талапкерлерге, студенттерге және оқытушы мұғалімдерге арналаған..-Алматы: Атамұра, 2006.-336 бет. Дереккөздер