Сандыбай – Арғанаты тауларының солтүстік-шығысындағы оқшау тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Терісаққан ауылының оңтүстігінде 17 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 543 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстігіне қарай еңістеніп ұсақ шоқылықтарға ұласады. Батысынан Ұлжан, шығысынан Терісаққан өзендері ағып өтеді.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас қылқан селеу, сұлыбас, қылша, көкпек, дегелең өсімдіктері өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары