Ақшоқы – Үлкен Қарақуыс тауының оңтүстік сілемі.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батысында.

Жер бедері, өсімдігі Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Абсолюттік биіктігі 1185 м. Тас көмір жүйесі жыныстарынан түзілген. Таулық қызыл қоңыр топырағында бетеге, жусан, шілік өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары