Ақшоқы – Бүртас тауының оңтүстік-батыс сілемі.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батыс шетінде орналасқан.
Жер бедері, өсімдігі Абсолюттік биіктігі 1084 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 4,5 км. Тас көмір жүйесі жыныстарынан түзілген. Таулық қызыл қоңыр топырағында бетеге, жусан, шілік және сұлыбас, қараған, түрлі шөп өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары