Қызылшоқы – Қараоба тауларының солтүстік-шығысындағы оқшауланған тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Суықсу ауылынан солтүстікке қарай 14 км-де жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 415 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу келген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, т.б. дала өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы таулары