thumb|right|250px|Зерденің өзін аңғаруы Метатаным () — адам зердесінің өз ойлау үрдісін аңғаруы және оның астарындағы моделді ұғынуы. Түбірсөз "мета" термині "тысқары", немесе "үстінде" деген мағыналар береді.Metcalfe, J., & Shimamura, A. P. (1994). Metacognition: knowing about knowing. Cambridge, MA: MIT Press. Метатанымның формалары көп, мысалы адамның өз ойлауы туралы толғанысы (рефлекция), мәселе шешуде мәлім арнайы стратегияларды қашан және қалай қолдану керектігін ұғу, тб. Жалпы метатанымның екі құрамдасы бар: таным туралы білім және танымды реттеу.

Жады және мнемоника стратегиясын тануды білдіретін Метажады (Metamemory) әдетте метатанымның маңызды формасы есептеледі.Dunlosky, J. & Bjork, R. A. (Eds.). Handbook of Metamemory and Memory. Psychology Press: New York, 2008. Мәдениетара метатанымдық үрдістерді академиялық зерттеу әлі де бастапқы сатыда тұр, ары қарайғы жұмыстар ұстаз бен оқушы арасындағы мәдениеттану оқытуы үшін пайдалы мазмұндармен қамтамасыз ететіні туралы көрсеткіштер бар.Wright, Frederick. APERA Conference 2008. 14 April 2009. http://www.apera08.nie.edu.sg/proceedings/4.24.pdf

Ежелгі грек философы Аристотельдің (бзд. 384–322) екі еңбегі Метатаным туралы жазбаға жатады: "жан туралы және "Табиғат туралы шолақ трактаттар" (Parva Naturalia). Дереккөздер

Санат:Эпистемология Санат:Жантану Санат:Философия Санат:Психология