Ошан — Ақтолағай қырқасының батысындағы төбе.
Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылының солтүстігінде 65 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы Абсолюттік биіктігі 155 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Сай жыралармен тілімденген. Құмды, сортаңды топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, сораң, эфемерлі шөптесіндер өседі.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5
Дереккөздер
Санат:Төбелер Санат:Атырау облысы географиясы