Бүгілөзек, Өзекбүгіл (Нарын) – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет және Исатай аудандары жерімен ағады.

Сипаттамасы Ұзындығы 124 км, су жиналатын алабы 892 км2. Бастауын Жайық өзенінің сол жағалауында Бақсай елді мекені тұсынан алып, Хамит Ерғалиев ауылының солтүстік-батысындағы Жалтыр көліне құяды. Арнасы кең, батыс жағалауы жарлы болып келеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде суы арнасынан асып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабын Махамбет ауданының шаруашылықтары жайылымға пайдаланады.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5

Дереккөздер

Санат:Махамбет ауданы өзендері Санат:Исатай ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері