Қызылорда округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Қызылорда округі 1928 жылы 17 қаңтарда Сырдария губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы Қызылорда қаласы болды. Округ 8 ауданға бөлінді:
Арал ауданы. Орталығы — Арал қаласы. Аламесек ауданы. Орталығы — Аламесек ауылы. Қазалы ауданы. Орталығы — Қазалы қаласы. Қармақшы ауданы. Орталығы — Қармақшы ауылы. Қараөзек ауданы. Орталығы — Тереңөзек ауылы. Қарсақпай ауданы. Орталығы — Қарсақпай ауылы. Қызылорда ауданы. Орталығы — Қызылорда қаласы. Шиелі ауданы. Орталығы — Шиелі ауылы.
1928 жылы 23 маусымда Қараөзек ауданы Тереңөзек ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Әдебиет
Санат:Қазақ АКСР округтары Санат:Қазақстан тарихи облыстары