Қарамай (, Қарамай; ) — ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы қалалық аудан. Үрімжіден солтүстік-батысқа қарай 320 км жерде орналасқан. Карамай атауы ұйғыр тілінен шыққан және мазут (қара май) дегенді білдіреді.

Тарихы 1955 жылы 29 қазанда бұл бөліктерден мұнай табылды - ҚХР құрылғаннан бергі алғашқы ірі кен орны. 1957 жылы 24 қаңтарда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халық өкілдері ассамблеясының 14 сессиясы жаңа елді мекенді құру туралы шешім қабылдады, ал 1958 жылы 29 мамырда ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің жарлығымен Қарамай қалалық ауданы құрылды.

1975 жылы Карамайдан шығарылып, Іле-Қазақ автономиялық округі үкіметіне тікелей бағынуға берілген Қойтүн қалалық ауданы құрылды. Нәтижесінде, Қарамай аумағы екі бөлікке бөлінді.

1982 жылы 16 ақпанда автономиялық облыстың халық үкіметі Қарамайды 4 ауданға бөліп, қалалық ауданға айналдыру туралы шешім қабылдады. 1984 жылы 17 тамызда Карамай Тарбағатай мен Іле-Қазақ автономиялық областарынан шығарылып, автономиялы аймақ үкіметіне тікелей бағынуға берілді; сол уақытта аудандарға бөлу жойылып, Қарамай қайтадан қалалық ауданға айналды. 1990 жылы 8 тамызда Қарамай қайтадан қалалық аудан мәртебесіне көтерілді.

Тұрғындары Халқы - 460 000 адам (2015). Хан (қытайлар) халықтың 75% құрайды, қалғаны ұйғырлар, қазақтар, моңғолдар, хуэйлер.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс Қарамай қалалық ауданы 4 ауданға бөлінген, оның біреуі эксклав жасайды:

250px # Статусы Атауы Иероглифы Пінин Ұйғыр тілі (жазбасы арабша) Ұйғыр тілі (латиница) Тұрғындары (2003 еск.) Аумағы (км²) Халқы тығыздығы (/км²)1АуданҚарамай克拉玛依区Kèlāmǎyī qūقاراماي رايونىQaramay Rayoni3833392АуданМайтау (Душанцзы)独山子区Dúshānzǐ qūمايتاغ رايونىMaytagh Rayoni4001253АуданЖиренбұлақ (Байцзянтан)白碱滩区Báijiǎntān qūجەرەنبۇلاق رايونىJerenbulaq Rayoni1272394АуданОрқа乌尔禾区Wū'ěrhé qūئورقۇ رايونىOrqu Rayoni22294

Экономикасы 1955 жылы қала маңында Қытайдағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі ашылды. Сол кезден бастап қала мұнай өндіру және қайта өңдеу орталығы ретінде дамып келеді.

Климаты Жазда қала климаты құрғақ және ыстық. Жылдық температура диапазоны -25 °C-тан 40 °C-қа дейін жетеді.

1994 жылғы апат 1994 жылы 8 желтоқсанда кинотеатрдағы өрттің салдарынан 323 адам қайтыс болды, оның 288-і мектеп оқушылары. Бұл қазіргі Қытай тарихындағы ең үлкен апаттардың біріне айналды. 2009 жылы осы оқиғалар туралы «Қарамай» деректі филімі түсірілді.

Туыстас қалалар Октябрьский, Ресей Ақтау, Қазақстан Искитим, Ресей Ақтөбе, Қазақстан

Сілтеме Қарамай — 行政 区划 сайтындағы аумақ, халық және әкімшілік-аумақтық бөліністің өзгеру тарихы туралы ақпарат

Санат:Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының қалалық аудандар