«Ғажайып әйел: 1984» () — режиссёр Пэтти Дженкинстің DC Comics баспасының комикстеріне негізделген суперқаһармандық фильмі. Басты рөлде — Гал Гадот. DC Ғаламындағы тоғызыншы фильм. Фильмнің премьерасы Қазақстанда 2020 жылы 4 маусымда, АҚШ және Ұлыбританияда — 5 маусымда болады.
Фильмнің сюжеті Ықпалды бизнесмен Максвелл Лорд құдайға теңестірер күші бар магиялық артефактілерді іздейді. Бірде ол археолог Барбара Энн Минерваны кездестіріп, одан көмек сұрады. Артефактілердің бірі Миневраны Гепардаға айналдырғаннан кейін ол Лордтан кек алуды көздейді. Лорд Диана Принстен өзін қорғауды өтініп, ақысына Стив Треворды тірілтуге уәде береді .
Басты рөлдерде thumb|right|200px|Гал Гадот және Крис Пайн Гал Гадот - Диана Принс / Ғажайып әйел Крис Пайн - Стив Тревор Кристен Уиг - Барбара Энн Минерва / Гепарда Педро Паскаль - Максвелл Лорд Конни Нильсен - Ипполита патшайым Робин Райт - генерал Антиопа
Музыка 2018 жылы тамызда композитор Ханс Циммердің фильм музыкасымен айналысатыны белгілі болды. Оған дейін ол 2016 жылы «Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы» жобасына арнап «Is She With You» композициясын жазған.
Маркетинг Режиссёр Пэтти Дженкинс, актёрлер Галь Гадот және Крис Пайн 2018 жылы 21 шілдеде San Diego Comic-Con-да «Ғажайып әйел 1984» фильмінің стендінің жанында болды. Сол жерде фильм жайлы қысқа ролик көрсетілді. Жаңа кадрлар CinemaCon және CineEurope-те көрсетілді.
2019 жылы 5 маусымда фильмнің тизер постері жарық көрді. Прокат «Ғажайып әйел 1984» Ресейде 2020 жылы 4 маусымда, АҚШ және Ұлыбританияда — 5 маусымда жарық көреді.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:DC комикстерін экранизациялау Санат:Ғажайып әйел жайлы фильмдер Санат:АҚШ атыс-шабыс фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері