Актепа (: ) — Өзбекстанның Ташкент қаласындағы футбол клубы.
Тарихы 2000 жылы құрылып, Өзбекстан екінші лигасында ойнай бастады. 2005 жылғы маусым қорытындысында бірінші лигаға (Про лига) жолдама алды. Содан бері бірінші лигада ойнап келеді.
2015 жылғы маусым қорытындысында суперлигаға жолдама алу үшін "Согдиана" клубымен плей-оффта ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды.
2016 жылғы маусымда белгісіз себептермен жарыстан шеттетілді. Содан про лигаға 2019 жылғы маусымда бір-ақ оралды.
Стадионы Өз алаңындағы ойындарын Ташкенттегі "Актепа" стадионында өткізеді. 2012 жылы жасанды төсенішпен қамтылды. Сілтемелер
Ресми сайт Клуб жетекшілігі Қазіргі құрамы soccernews.ru
Санат:Өзбекстан футбол клубтары