Манап Шарапиденұлы Көбенов (1957 жылы 2 маусымда Талдықорған қаласында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Павлодар облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2014 жылдан бері).
Өмірбаяны Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік ветеринарлық институтын бітірген. Мал дәрігері.
Павлодар облысы Железин және Ақтоғай аудандарының әкімі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы мәслихатының хатшысы болып қызмет істеген.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері