Нариман Төреғалиев (19 шілде 1964 жыл, Тайпақ ауданы, Орал облысы) — қазақстандық мемлекет қайраткері, 2022 жылдан бергі Батыс Қазақстан облысы әкімі, 2017 жылдан 2022 жылға Қазақстан Парламенті Сенатының Батыс Қазақстан облысынан сайланған депутаты.
Білімі Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, Каспий қоғамдық университетін бітірген. Инженер-экономист, заңгер. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолы «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995); «Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999); «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001); Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002); Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, Орал қ. (2002-2003); Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005); Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010); Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012); Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015); Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016); Орал қаласының әкімі (2016-2017);Төреғалиев Нариман Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017-2022); Батыс Қазақстан облысы әкімі (2022 жылдан бастап).
Марапаттары «Құрмет» орденімен марапатталған (2016).
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Батыс Қазақстан облысының әкімдері