«Парма» (, ресми атауы «Парма Кальчо 1913» ()) — Италияның Парма қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. Клуб 1907 жылы 27 шілдеде құрылған.

Тарихы Әзірше Италия чемпионы атанбаған, есесіне Италия кубогы, Италия суперкубогы, УЕФА кубогы, Кубок иелері кубогы, УЕФА Суперкубогы секілді жарыстарда топ жарған.

Өз алаңындағы ойындарын 1923 жылдан бері "Эннио Тардини" стадионында өткізеді.

Команда сапында әр жылдары Алессандро Лукарелли, Фабио Каннаваро, Христо Стоичков, Филиппо Индзаги, Дино Баджо, Фернанду Коуту, Джанфранко Дзола, Клаудио Таффарел секілді атақты футболшылар ойнады.

Клуб 2015 жылы банкротқа ұшырап, Д лигасына түсіп кетті. Жыл сайын бір лига жоғарылап отырды да, 2018/19 жылғы маусымда А сериясына оралып үлгерді. Қандай қиындықтарға қарамастан он жылдан астам уақыт бойы клубта ойнаған Алессандро Лукареллиге 6-нөмір мәңгілік бекітілді.

Жетістіктері

Ұлттық

А сериясы Вице-чемпион: 1996/97 3-орын (2): 1992/93, 1994/95 Кубок Жеңімпаз (3): 1991/92, 1998/99, 2001/02 Финалист (2): 1994/95, 2000/01 Суперкубок Жеңімпаз: 1999 Финалист (3): 1992, 1995, 2002 В сериясы Вице-чемпион: (2): 2008/09, 2017/18 С Сериясы Жеңімпаз (4): 1953/54, 1972/73, 1983/84, 1985/86 Д сериясы Жеңімпаз (2): 1969/70, 2015/16

Халықаралық

УЕФА кубогы Жеңімпаз (2): 1995, 1999 Кубок иелері кубогы Жеңімпаз: 1993 Финалист: 1994 УЕФА суперкубогы Жеңімпаз: 1993

Сілтемелер https://instagram.com/parmacalcio1913

Санат:Парма ФК Санат:Италия футбол клубтары