Қараоба – Шұнақ тауларының оңтүстігіндегі шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданындағы Мойынты темір жол бекетінің оңтүстік-батысында 60 км-дей жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 660 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км-ге жуық. Беткейлері жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Шауыпкелді, шығысында Қызылтас, Қарауылшоқы таулары, оңтүстігінде Кемер төбелері орналасқан.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас бұта өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары