Эрнан Хорхе Креспо (; 5 шілде 1975 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3410, Флорида, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Мансабы Аргентина Ұлттық футбол құрамасы сапында көптеген жылдар бойы өнер көрсетіп, үш бірдей әлем чемпионатына (1998, 2002, 2006), 1995 жылы Конфедерациялар кубогына, 2007 жылы Америка кубогына қатысты. Және Аргентина Олимпиада құрамасы сапында 1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынады.
Клубтық карьерасын "Ривер Плейт" клубында бастап, кейін Италияның көптеген жетекші командаларында ойнады, тек біраз уақыт "Челси" клубының намысын қорғады. Әр жылдары Италия, Аргентина, Англия чемпионы атанды.
2012 жылы "Парма" сапында жүріп карьерасын аяқтады да, 2014 жылы "Парманың" жастар командасын жаттықтырды. Кейін Италияның "Модена", Аргентинаның "Банфильд" клубтарында жаттықтырушылық қызмет атқарды.
2004 жылы ФИФА 100 тізіміне енді.
Жетістіктері
Командалық «Ривер Плейт»
Аргентина чемпионы (3): Ап. 1993, Ап. 1994, Ап. 1996 Либертадорес кубогы: 1996
«Парма»
Италия кубогы: 1998/99 Италия суперкубогы: 1999 УЕФА кубогы: 1999
«Лацио»
Италия суперкубогы: 2000
«Челси»
Англия чемпионы: 2005/06 Англия суперкубогы: 2005
«Милан»
Италия суперкубогы: 2004 Чемпиондар Лигасының финалисі: 2005
«Интернационале»
Италия чемпионы (3): 2006/07, 2007/08, 2008/09 Италия суперкубогы (2): 2006, 2008
Аргентина құрамасы
Панамерика ойындарының жеңімпазы: 1995 Олимпиада ойындарының финалисі: 1996 Конфедерациялар кубогының финалисі: 2005
Жеке
Аргентина чемпионатының үздік мергені: Клаусура 1994 Олимпиада ойындарының үздік мергені: 1996 Италия чемпионатының үздік мергені: 2000/01 Италия кубогының үздік мергені (2): 1999, 2007 Әлем чемпионатындағы «Күміс бутсы» иегері: 2006 ФИФА 100
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:ФИФА 100 Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері