«Хапоэль» () — Израильдегі футбол клубы. 1949 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын 2015 жылдан бері "Тото Тернер" стадионында өткізеді.
Тарихы 1975 жылы тұңғыш рет Израиль чемпионы атанды. Келесі маусымда осы жетістіктерін тағы қайталады.
2019/20 жылғы маусым УЕФА Еуропа Лигасының екінші кезеңінде "Хапоэль" Қазақстанның "Қайрат" клубымен кездесті. Бірінші ойында 2:0 есебімен ұтты, алайда төреші қайраттықтардың таза голын есептемеді. Алматыдағы ойында да төрешілердің кесірінен "Қайрат" тағы сүрінді: екі бірдей ойыншысы алаңнан қуылды.
Бірақ клуб топтық турнирге шыға алмады, плей-офф кезеңінде "Фейеноордтан" жалпы есепте 0:6 боп ұтылды.
Жетістіктері Израиль чемпионы (6): 1974/75, 1975/76, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2025/26 Израиль кубогы: 1997 Израиль суперкубогы: (3): 1975, 2016, 2017
Сілтемелер SOCCERWAY FLASHSCORE Transfermarkt Globalsportsarchive
Ресми сайты
Санат:Израиль футбол клубтары