Александр Степанович Шмариков (1 қаңтар 1961 жылhttp://footballfacts.ru/players/341786 , Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО — 13 мамыр 2024 жыл) — КСРО және Қазақстандық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы Қаратау футбол мектебінің түлегі. 1982 жылы "Химик" клубында карьерасын бастады.
1985-87 жылдары Шымкенттің "Мелиоратор" клубында доп теуіп, біраз маңызды голдардың авторы атанды. 1988 жылы туған клубына қайта оралды. 1991 жылы Өзбек КСР-інің "Автомобилист" клубында ойнады да, КСРО тараған соң "Химикке" (бұл кезде атауы "Фосфор" деп өзгерген болатын) оралды.
1996 жылы бір маусым "СКИФ-Ордабасыда" ойнады.
Жетістіктері
Қазақстан кубогының финалисі: 1992, 1993 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995
Дереккөздер
Сілтемелер Қазақстан мергендер клубы Профиль (footbook.ru)
Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:СКИФ-Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Қоқан-1912 ФК ойыншылары