Ғани Әділханұлы Қайназаров (10 тамыз 1970, Алматы) — қазақ футболшысы, шабуылшы. "Қайрат", "Тараз" клубтарында ойнаған жылдары елге танылды. Қазір Қазақстан футбол федерциясында жұмыс істейді.

Карьерасы

Клубтық 1987-90 жылдары КСРО чемпионатының екінші лигасындағы аутсайдер клубтарда ойнады. 1990 жылы бірінші лигада ойнаған "Қайратқа" шақырту алғанымен, бір ойында да алаңға шыққан жоқ. 1991, 1992 жылдары қазір "Тараз" аталып жүрген жамбылдық клубта ойнады.

1993 жылы "Қайратта" екі маусым ойнады да, 1996 жылы тағы да "Тараз" сапына ауысты. Сол жылы Қазақстан чемпионы атанды.

1997 жылдан соң қайта футбол ойнамады.

Ұлттық құрама 1992 жылы 14 қыркүйекте сырт алаңда Түрікменстанға қарсы ойында ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Құрамадағы соңғы ойынын 1996 жылы Сирияға қарсы өткізді — 0:2.

Жетістіктері

Қазақстан кубогының финалисі: 1992 Қазақстан чемпионы: 1996 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1997

Сілтемелер Матчтары ҒАНИ ҚАЙНАЗАРОВ – ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫН ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЖАН Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:Ақ қанат ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары