Кевин Кампль (; 9 қазан 1990, Золинген, Германия) — неміс және словен футболшысы, "РБ Лейпциг" клубы мен Словения Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушы.
Карьерасы
Клубтық 2009 жылы "Байер 04" клубының негізгі құрамына қосылғанымен, екі жыл бойы Бундеслигада алаңға шыға алмады. 2010 жылы "Гройтер" клубына жалға берілді.
2011 жылы тіпті аймақтық лигаларда ойнайтын "Оснабрюк" клубына ауысып кетті.
2012 жылы Аустрияға қоныс аударып, "Ред Булл" сапына қосылды. Сол жылы 15 қыркүйекте Аустрия Бундеслигасында тұңғыш рет алаңға шықты.
2014 жылы "Боруссия Дортмундқа" ауысты.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапындағыы тұңғыш ойынын 2012 жылы 14 қарашада Македонияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Тұңғыш голын 2013 жылы 6 қыркүйекте ӘЧ-2014 іріктеуінде Албания қақпасына соқты. Бұл ойында Словения 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
«Ред Булл Зальцбург»
Аустрия чемпион: 2014 Аустрия кубогы: 2014
Дереккөздерhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/53418
Сілтемелер
Профилі (sports.ru) Профилі (kicker.de)
Санат:Словения футболшылары Санат:Словения Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Гройтер ФК ойыншылары Санат:Оснабрюк ФК ойыншылары Санат:Аален ФК ойыншылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:РБ Лейпциг ФК ойыншылары Санат:Германия футболшылары