Нилтон Перейра Мендес (; 7 қаңтар 1976 жыл, Говернадор-Валадарис, Бразилия — 18 қыркүйек 2006 жыл, Қарағанды, Қазақстан) — бразилиялық футболшы, шабуылшы.
Мансабы Футболдағы жолын Бразилиядағы "Атлетико Минейро", "Интернасьонал Лимейра" клубтарында бастап, 1998 жылы Ресейдің "Жемчужина" клубына ауысты.
1999 жылы Қазақстанның "Ертіс" клубының бапкері Антолий Чернов өз клубына шақырды. Содан 2006 жылы 18 қыркүйек күні қайтыс болғанға дейін қазақ клубтарында доп тепті.
2000 жылы 21 доппен Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды. Сол жетістігі арқылы Қазақстанның үздік футболшысы атанды.
Кейін "Жеңіс", "Шахтер" клубтарында доп тепті.
2006 жылы 18 қыркүйек күні кеше кезекті жаттығудан өзін кенет нашар сезінді де, ауруханаға жеткізілгенше қайтыс болдыhttp://sport.gazeta.kz/art/?aid=25302 .
2017 жылы Қазақстан чемпионатындағы мерген футболшылар енетін Нилтон Мендес клубы ашылды.
Жетістіктері
Жеке
Қазақстан чемпионатының үздік мергені: 2000 (21 гол) Қазақстанның үздік легионер футболшысы: 2002 Қазақстан Республикасының спорт шебері
Командалық
Қазақстан чемпионы: 1999 Қазақстан кубогы: 2002, 2005 Дереккөздер
Сілтемелер Нилтон Мендес клубы
Санат:7 қаңтарда туғандар Санат:18 қыркүйекте қайтыс болғандарСанат:Қарағандыда қайтыс болғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары