Фанас Нагимович Салимов (19 ақпан 1964, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО - 27 тамыз 2021) — КСРО және Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы. "Қайрат" командасында ойнаған жылдары бүкіл Кеңес Одағына танылған.

Карьерасы Карьерасын КСРО чемпионатының екінші лигасындағы СКИФ (Алматы), "Мелиоратор" (Шымкент) клубтарында бастады. 1982 жылы Қазақ КСР-інің бас командасы "Қайратқа" ауысты. Алматылық клуб сапында бірнеше жыл КСРО чемпионатының жоғары лигасында ойнады. 1988 жылы КСРО Федерациялары кубогының жеңімпазы атанды. 1990 жылдары ғана "Қайраттан" кетіп, Украина клубтарында бірнеше жыл доп тепті.

1996 жылы Қазақстанға оралды. 2000 жылға дейін "Батыр", "Жігер", "Жетісу", "Тараз" клубтарында ойнап, 36 жасында карьерасын аяқтады.

КСРО жастар құрамасында бірнеше ойында алаңға шықты. БЛКЖО-ға мүше болды Толчинский В. Д., Исаев М. А. Контуры сезона-87 // Футбол-1987, 1987. — С. 39. — 87 беттер..

Кейінгі карьерасы Карьерасын аяқтаған соң бірнеше жыл төреші боп жұмыс істеді.

Жетістіктері

КСРО федерациялары кубогының жеңімпазы: 1988 Дереккөздер

Сілтемелер Фанас Салимов Фанас Салимов Стройбат много потерял после ухода Салимова Фанас Салимов Ф. Салимов

Санат:19 ақпанда туғандар Санат:Шымкентте туғандар Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:КСРО футболшылары Санат:Екібастұз-1979 ФК ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:Томирис ФК ойыншылары Санат:Шымкентте жерленгендер