Ғұбайдолла Ақтаев (1905 жылы қазіргі Әйтеке би, Қарабұтақ ауылы - 1968 жылы Ақтөбе қаласы) — халық ағарту саласының қызметкері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі (1967).

Еңбек жолы Еңбек жолын жай жұмысшыдан бастаған. 1930 жылы Ақтөбедегі педтехникумды бітіріп, Ырғыз, Шалқар ауданы мектептерінде мұғалім болды. Орал мемлекетінің педагогикалық институтын тәмамдап, Ақтөбедегі №6 қазақ орта мектебінде 1936 жылдан математика пәнінен сабақ берген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ақтөбе облысы атқару комитеті өнер бөлімінің меңгерушісі, 1948-1951 жылдары №6 мектептің директоры, кейін зейнеткерлікке шыққанша мұғалім болады.

Марапаттары I-II дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының шешімімен №6 қазақ орта мектебіне оның есімі берілген (1995).Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе тұлғалары