Федор Гаврилович Голубев (20.02.1924 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы (бұрынғы Жұрын ауданы), Орқаш ауылы) – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, диқан.
Өмірбаяны Еңбек жолын бұрынғы Жұрын ауданы Тәжірибе стансасында (2018 жылы таратылған) дихандықтан бастады (1938). Ақтөбе қаласы Ауыл шаруашылық мектебін бітіріп, 1942 жылы Тамбов облысында жасақталған 98 жаяу әскер дивизиясының құрамында болды. 4-ші атқыштар полкінің құрамында Сталинград майданындағы шайқастарға қатысты. Кейін Жұрын ауданында бас агроном, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы (1944-61). Облыстық жоспарлау комитетінде аға экономист, сектор бастығы.
Марапаттары I-дәрежелі Отан соғысы және 2 рет "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.Ақтөбе: Энциклопедия - Ақтөбе,2001. - 748 бет
Дереккөздер
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Ақтөбе тұлғалары