IV Мехмет (; 2 қаңтар 1642 — 6 қаңтар 1693) — Османлы мемлекетінің 19-шы сұлтаны, Ислам халифатының 84-ші халифі, аңшы, қолбасшы.
Өмірбаяны IV Мехмет османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Ибраһим шаңырағында дүниеге келді. 1648 жылы жаңа шеріктер Ибраһимді тақтан тайдырды. Тақ 6 жастағы кішкентай бала Мехметке өтті.
нобай|солға|250px|IV Мехмет тұсындағы Османлы мемлекеті
IV Мехметтің балалық және жасөспірімдік шағы билікке таласқан анасы Тұрхан сұлтан мен әжесі Көсем сұлтанның жанжалдарымен өтті. Бұл жанжал тек сарай қызметкерлеріне ғана емес, мемлекеттік қайраткерлерге де әсер етті. Уәзірлер арасында сыбайлас жемқорлық, "лауазымды сатып алу" кеңінен таралды. Биліктің ең басында болу үшін олар сұлтан қыздарымен саяси некелерге отырып жүрді. 1656 жылдың 6 шілдесінде осы тұрақсыздықты пайдаланған венециялықтар Шанаққала бұғазында Османлы флотын талқандады. Олар тіпті Константинопольге қауіп төндірді, алайда сол жылы садрағзам лауазымын Көпрүлі Мехмет паша иеленді. Бұл оқиға «Көпрүлілер заманының» (1656-1710) бастамасы болды. Ол 1656 жылдың 15 қыркүйегінде садрағзам болып тағайындалды. Алайда Көпрүлі Мехмет паша өзінің тағайындалуына дейін сұлтанға бірнеше шарт қойды: Садрағзамның шешімі қайта қарастырылмайды; Садрағзам өз еркінмен шенеуліктерді тағайындайды, марапаттайды және қызметтен босатады; Садрағзам сұлтанның кеңесісіз шағымдарға қатысты шешімді өзі қабылдайды; Сарайда ешкім де саясатқа араласпайды.
1660 жылы Көпрүлі Мехмет паша венециялықтарды шегіндіріп, олардан Митилен мен Лемносты тартып алды.
1661 жылы садрағзамдық Көпрүлі Мехмет пашаның баласы Фазыл Ахмет пашаға өтті. Оның тұсында ел әкесінің тұсындағыдай дамыды. Ол Аустрияға қарсы соғысты сәтсіз аяқтаса да, 1669 жылы Венециядан Крит тартып алды.
нобай|солға|250px|Птуй мұражайындағы суреті
1672 жылы IV Мехметтің өзі бастаған османлылар Польшаға қарсы жорық жасады. Сұлтан Каменец-Подольский бекінісін алып, 18 қазанда Михаил Корибут Вишневецкиймен Бучач бітім шарты жасасты. Бітім шарт бойынша Польша патшасы Подолье мен Брацлав воеводалықтарын беріп, 22 000 алтын төледі. Бірақ поляктар бұл бітім шартты бекітуден бас тартып, соғысты қайта жаңартты. Ақырында, жеңілген поляктар 1676 жылдың 27 қазанында жасалған Журавно бітім шарты бойынша османлыларға Подолье мен Киев Украинасын өткізді.
1676 жылы Фазыл Ахмет пашадан кейін садрағзам болып Мерзифонлы Қара Мұстафа паша тағайындалды. Бұл садрағзам тұсында Ресеймен 1681 жылы сәтсіз бітім шарт жасалды. 1683 жылы 200 мыңдық әскермен Мұстафа паша Венаны қоршады. Карл Лотарингский мен Ян Собеский қалаға көмекке келіп, османлылар толықтай талқандады. Қашқан османлыларға поляктар мен немістер тағы екі рет Мажарстанда соққы берді. Сол сәтсіздіктерге ыза болған сұлтан сол жылы Белградта жаңа шеріктерге садрағзамды өлім жазасына кесуді тапсырды.
Сәтті кезді пайдаланған Ян Собеский Молдова мен Валахияға басып кірдіп, ал венециялықтар мен мальталық серілер Мореяны жаулап, Далмацияға шабуылдап, османлыларды Иония аралдарынан қуды.
Карл Лотарингский Мажарстанның бас қаласы Офенді 1686 жылы жаулап алды. Ал 1687 жылдың 12 қазанында Мохач шайқасында Карл Лотарингский османлыларды талқандады. Сонымен қатар османлылар Петервардейн, Эрлау, Штульвейсенбург және Белградтан айырылды.
Ажалы нобай|оңға|250px|Птуй мұражайындағы суреті
Османлы әскерінің көптеген жеңілістерінің кесірінен Константинопольде Көпрүлі Мехмет пашаның баласы Мұстафа бастаған көтеріліс басталды. Нәтижесінде IV Мехмет тақтан тайдырылды. 5 жылдан кейін бұрынғы сұлтан 51 жасында зынданда қайтыс болды. Мәйіті анасы Тұрхан Қадиша сұлтан салған Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 100 Сопы Мехмет паша 8 тамыз 1648 — 21 мамыр 1649 9 ай 101 Қара Мұрат паша 21 мамыр 1649 — 5 тамыз 1651 2 жыл 102 Мелек Ахмет паша 5 тамыз 1651 — 21 тамыз 1651 16 күн 103 Сияуш паша 21 тамыз 1651 — 27 қыркүйек 1651 1 ай 104 Гүржі Мехмет паша 27 қыркүйек 1651 — 20 маусым 1652 10 ай 105 Тархуншы Ахмет паша 20 маусым 1652 — 21 наурыз 1653 9 ай 106 Биік Қожа Дәруіш Мехмет паша 21 наурыз 1653 — 28 қазан 1654 1 жыл 107 Ібшір Мұстафа паша 28 қазан 1654 — 11 мамыр 1655 7 ай 108 Қара Мұрат паша 11 мамыр 1655 — 19 тамыз 1655 3 ай 109 Армян Сүлеймен паша 19 тамыз 1655 — 28 ақпан 1656 6 ай 110 Телі Құсайын паша 28 ақпан 1656 — 5 наурыз 1656 1 ай 111 Зұрназен Мұстафа паша 5 наурыз 1656 — 5 наурыз 1656 ? сағат 112 Сияуш паша 5 наурыз 1656 — 25 сәуір 1656 1 ай 113 Бойнұяралы Мехмет паша 26 сәуір 1656 — 15 қыркүйек 1656 6 ай 114 Көпрүлі Мехмет паша 15 қыркүйек 1656 — 31 қазан 1661 5 жыл 115 Көпрүлі Фазыл Ахмет паша 31 қазан 1661 — 19 қазан 1676 15 жыл 116 Мерзифонлы Қара Мұстафа паша 19 қазан 1676 — 14 желтоқсан 1683 7 жыл 117 Байбұртты Қара Ибраһим паша 15 желтоқсан 1683 — 18 қараша 1685 2 жыл 118 Сары Сүлеймен паша 18 қараша 1685 — 23 қыркүйек 1687 2 жыл 119 Көпрүлі Дамат Абхаз Сияуш паша 23 қыркүйек 1687 — 8 қараша 1687 2 ай
Қызықты деректер 6 жаста таққа шыққан IV Мехмет — таққа шыққан кездегі ең жас османлы сұлтаны. IV Мехмет I Сүлейменнен кейін ең көп билеген османлы сұлтаны. I Сүлеймен 46 жыл (1520-1566) билесе, IV Мехмет 39 жыл (1648-1687) биледі. Атақты "Запорождықтардың түрік сұлтанына жазған хаты" атты оқиғадағы "түрік сұлтаны" — IV Мехмет.
Санат:2 қаңтарда туғандар Санат:6 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары