II Ахмет (; 25 ақпан 1643 — 6 ақпан 1695) — Османлы мемлекетінің 21-ші сұлтаны, Ислам халифатының 86-шы халифі.
Өмірбаяны II Ахмет 1643 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Ибраһим мен Қадиша Муаззез Сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. Ағалары IV Мехмет пен II Сүлеймен билеген жылдарында II Ахмет кафесте қамауда отырды.
Билеген жылдары Ағасы II Сүлеймен қайтыс болған соң II Ахмет таққа отырды. Оның тұсында Киелі Лигаға қарсы сәтсіз соғыс жүріп жатты. 1691 жылдың 19 тамызында османлылар Сланкамен шайқасында Людвиг Вильгельм Баден-Баден бастаған габсбург әскерінен үлкен жеңіліске ұшырады. Сол шайқас кезінде садрағзам Көпрүлі Фазыл Мұстафа паша қаңғыма оқтан қайтыс болды.
Ажалы 1695 жылдың 6 ақпанында II Ахмет Эдирне сарайында қайтыс болды. Мәйіті Сүлеймение мешітінің жаңындағы I Сүлеймен мазарында жерленді.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 122 Көпрүлі Фазыл Мұстафа паша 22 маусым 1691 — 19 тамыз 1691 2 ай 123 Баһадүрзада Арабашы Әли паша 24 тамыз 1691 — 21 наурыз 1692 7 ай 124 Мерзифонлы Шалық Қажы Әли паша 23 наурыз 1692 — 17 наурыз 1693 1 жыл 125 Бозоқты Мұстафа паша 17 наурыз 1693 — 13 наурыз 1694 1 жыл 126 Сүрмелі Әли паша 13 наурыз 1694 — 6 ақпан 1695 11 ай
Санат:6 ақпанда қайтыс болғандар Санат:25 ақпанда туғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары