"Felicità" (феличита [felitʃiˈta] деп айтылады; Италиянша "Бақыт") Аль Бано және Ромина Пауэр атты италиян дуэтінің орындауындағы ән, 1982 жылы жарық көрді. Ән халықаралық коммерциялық табысқа ие болып, дуэттің ең танымал әні боп есептеледі.
Ән туралы ақпарат Дуэт осы трекпен 1982 жылы Санремо музыка фестиваліне қатысып, 2-ші орынға ие болды. Ән олардың 1982 жылғы Felicità (сондай-ақ Aria pura деп те аталған) атты альбомында жарық көрді. Альбомның Би-сайдының трегі ретінде "Arrivederci a Bahia" әні қосылған болатын. Испаниядағы шығарылымы үшін қос ән де испан тілінде қайта жазылып, сингл өзге мұқаба суретімен безендірілген болатын.
"Felicità" италиян хит-парадтарының шыңында көрініп және кейін 1982 жылдың наурыз-маусым айларында дүние жүзі бойынша миллиондаған көшірмесін сату арқылы ауқымды коммерциялық табысқа кенелді.
Бейнебаян Әннің бейнебаяны (клип) Ресейдің Санкт-Петербург қаласында, Нева өзенінің жағасында түсірілді. Онда Альбано Карризи катерді жүргізіп, ал Ромина Пауэр күймеде отырып, екеуі қосылып әнді шырқайды. Ромина және түсірілімдегі көпшілік тарихи костюмдерді киіп түсті.
Тректер тізімі 7" Single""Al Bano E Romina Power* - Felicità (Vinyl) at Discogs". www.discogs.com. A. "Felicità" – 3:13 B. "Arrivederci a Bahia" – 3:02 Spanish 7" Singlе"Al Bano Y Romina Power* - Felicidad (Vinyl) at Discogs". www.discogs.com. A. "Felicidad" – 3:13 B. "Arrivederci en Bahia" – 3:02
Ән шерулеріндегі көрсеткіштері Елдер бойынша чарттар тізімі (1982)Ең жоғарғы көрсеткішАустрия"Discographie Al Bano & Romina Power" (in German). austriancharts.at. 9Бельгия"Discografie Al Bano & Romina Power" (in Dutch). www.ultratop.be. 7Франция"InfoDisc : Tout les Titres par Artiste" (in French). www.infodisc.fr. 10Германия"Offizielle Deutsche Charts" (in German). www.offiziellecharts.de. 6Италия"HPI - Settimana del 27/03/82" (in Italian). www.hitparadeitalia.it. 1Нидерланд"Discografie Al Bano & Romina Power" (in Dutch). dutchcharts.nl. 18Швейцария"Al Bano & Romina Power" (in German). hitparade.ch. 3
Сілтемелер
Санат:Италиян тіліндегі әндер