Қасқабұлақ – Кенжебай көлінің солтүстік-батысындағы тұзды көл. Аягөз өзені алабында.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы Тарлаулы ауылының солтүстік-шығысында 14 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 440 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2.5 км, енді жері 1 км, жағалауы жайпақ келген. Батысында Қызылқия, шығысында Арқалық таулары, солтүстігінде Шанайбұлақ бұлағы бар. Жауын-шашын және қар суымен толысады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы көлдері