Баспа тақша (БТ) - бұл микросхемалар және басқа да электронды бөлшектер орналастырылған жұқа пластина. Компьютерлер бір немесе бірнеше БТ-дан тұрады, сонымен бірге оларды карталар немесе адаптерлер деп те атайды. Баспа тақшасына аналық тақша, кеңейту тақшасы, ішкі тақша, бақылау тақшасы, желілік адаптерлер және видеоадаптерлер жатады. Қолдануы Вакуумда және салмақсыз күйде қолдануға арналған БТ-да электр тетіктерін бөлінетін жылуды қайтаратын мыс немесе алюминий ядролар болады. Иілмелі тақшалар толық немесе жартылай майысқыш болып жасалады. Камераларда және тыңдау аппараттарында қолданылатын БТ шектелген кеңістікте орналастыру үшін майыстыру болатындай иілмелі тақшалардан жасалады.
Санат:Компьютер