Көкшіл шымшық () — шағын денелі, жоны-жасылдау көкшіл, басы-көгілдір, басы мен жонын қоқшыл көк жолақ бөледі және жасылдау сарғыш реңді болып келеді. Таралуы Еуропаның, Батыс Азияның және Солтүстік-Батыс Азияның субтропикалық, қоңыр және субарктикалық климатында кең таралған.
Қазақстанда тек қана солтүстік-батыста - Жайық өзенінің аңғарларында өмір сүреді. Сол жердегі жайылмалы ормандар мен бұталарда қоныстанады.
Биологиялық сипаттамасы Қылығы нағыз шымшық типтес,тек қана дауысы көптеген шымшықтардан ерекше. Дауысы: «тии-тии-ти-ти-ти». Кейде сықырлап-шиқылдап аяқталады. Ұялары ағаш қуысында, немесе шіріген түбірдң жоғарғы жағында орналасады. Салындыдағы 9-11 теңбіл жұмыртқаларды аналығы 13-14 күн басады. Ұсақ құстар. Дене ұзындығы 8-12 см. Қауырсыны жұмсақ үлпілдек. Еуразия мен Солтүстік және солтүстік, батыс Америкада 7 түрі таралған. ТМД кеңістігіңде, шымшықтардың 2 түрінің бірі әсем шымшық кездеседі. Оның құйрығы ұзын, қауырсыны көкшіл және қызғылтым, көкшіл түсті. Тянь-Шань және Памир Алтайда аршаны мекендейді. Осы Жайық аңғарларында қыстайдыАнықтамалық басылым, Мектеп энциклопедиасы, Құстар, Алматы, 2010 ж., 34-бет..
Дереккөздер
Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Торғайтәрізділер