Анкарадағы террорлық акт — 2015 жылдың 10 қазан күні жергілікті уақыт боынша сағат 10:04 Түркияның астанасы Анкара қаласында болған террорлық акт. Түркия денсаулық сақтау Министірлігінің соңғы мәліметі бойынша террорлық акт нәтижесінде 97 адам мерт болып, 200-ден астам адам түрлі жарақаттар алды. Құрбандардың көбісі Түрік дәрігерлерінің қауымдастығы (Türk Tabipleri Birliği, TTB) және Халық демократиялық партиясы (Halkların Demokratik Partisi, HDP) екі сол жақ кәсіподақтарының шақыруы бойынша түрік әскерлері мен Күрдістан жұмыс партиясыннан (Partiya Karkerên Kurdistan, PKK) шыққан көтерісшілер арасындағы зорлықтың өсіп келе жатқанына жиналған бейбіт шерушілер.

Жарылыстар Алдын ала мәліметтер бойынша жарылғыш құрылғыларды өлімші-лаңкестер әрекетке келтірді.

97 адамның өмірін қиған екі жарылыс, бірнеше секунд аралықпен, орталық теміржол вокзалының маңында түрік-күрд жанжалын тоқтату жөнінде үкіметпен келісілген түрде соғысқа қарсы кәсіподықтық митингке қатысушылар жиналған жерде орын алды.

Бұл террорлық акт Түркия тарихындағы ең жойқынды теракт болып саналады.

Дереккөздер

Санат:Террорлық акт Санат:Түркия Санат:Лаңкестік