Сұр шыбыншы () — шыбыншылар тұқымдасының өкілі.

Сұр шыбыншы орташа денелі 15-20 г құс үйреншікті және көп таралған шыбыншылардың бірі. Бұл орғайдай ғана көріксіз реңді қоңырқай сұр кішкене құста түсі қара тұмсығынан бүкіл төсімен жөнін бойлай созылған қошқыл аламыш жолақтары бойынша тану оңай. Ұшып өтетін бунақденені күтіп, бұтақта еш ауытқымай қонақтауы соңынан әуелеп ұшуы және жемін аулап, бұрынғы орынға немесе көршілес орынға ұшып келуі өте ғажап. Дауысы көптеген шыбыншылар тәрізді мәнерсіздеу әуенді құлақ тұндыратын "ци-че" деген дыбыс.

Таралуы Еуропа мен Батыс Азияда таралған. Африка мен оңтүстік-батыс Азияда қыстайды. Қазақстандағы солтүстіктегі орманды үлескілерде қоныстанады, сондай-ақ батыс Тәңіртауда және Қазақстанның шығысында тау ормандарында орын тепкен. Сұр шыбыншылар қылқанды немесе жапырақты болғанына қарамастан жарығы мол, сирек ормандардың Ковшарь А.Ф.; Мектеп энциклопедиясы.ISBN 978-601-282-168-0; 352бет; Алматы: Атамура

Дереккөздер

Санат:Еуразия құстары