Қопа — Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, Қопа ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарауылкелді (Байғанин) ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 82 км жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 176 адам (92 ер адам және 84 әйел адам) болса, 2009 жылы 261 адамды (130 ер адам және 131 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 219 адамды (115 ер адам және 104 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1963-1997 жылы қой өсіретін кеңшар орталығы болды. Оның негізінде Қопада бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы елді мекендері