Кұмдыкөл – Есіл өзенінің алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерінде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 10,4 км2, ұзындығы 5,6 км, енді жері 3,1 км, тереңдігі 2,9 м. Оңтүстік жағалауы құламалы, биіктігі 3-4 м, солтүстік жағалауы көлбеу, онда құрақ, қамыс өсіп, тоғайлар құрайды. Түбі құмды, тегіс. Көл суы тұщы, шаруашылық қажеттілігіне пайдаланылады.

Санат:Сандықтау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы