Қарауылшоқы – Қырғыз Алатауының солтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылының солтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1650 м. солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 5,5 км. Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Батысынан Көкдөнен, шығысынан Шұңқыр өзендері ағып өтеді. Оңтүгігінде Шұңқыр, Кіші Көкдөнен асулары бар.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас қайың, терек, сұлыбас, қылқан боз, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы таулары