Қарсыадыр – Мырзашоқы тауының солтүстік-батысындағы ұсақ шоқылар.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал қаласының солтүстік-батысында 45 км жерде орналасқан. Сарысу өзенінің аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 598 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай доғаша созылған тізбекше шоқылардың жалпы ұзындығы шамамен 13 км, енді жері 4 км. Солтүстігінде Ботағанкөл көлі, шығысында Байғұл таулары, оңтүстігінде Шашты тауы, батысында Шағырлыкөл көлі орналасқан. Етегіндегі Сарайлыбұлақ бұлағының бойы шөбі шүйгін, мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары