Нақыштаушы резистор (орыс. Подстроечный резистор) – радиоэлектрондық аппаратураның жұмыс режимдерін бір рет баптауға немесе аракідік реттеуге арналған айнымалы резистор. Қозғалмалы жүйенің сызықты және айнымалы қозғалысы бойынша бір айналмалы және көп айналмалы нақыштаушы резистор деп бөлінеді. Нақыштаушы резистордың резистивтік элементтерін жіңішке резистивті сымнан, резистивтік балқымардың фольгасынан, күйелі полимерлік немесе керметтік композициялардан жасайды. Сымды емес Нақыштаушы резистордың номиналды қуаты 0,025-1 Вт, сымды нақыштаушы резистор қуаты 0,05-100 Вт, ал осыған сәйкес номиналды кедергілер 10-107 Ом және 0,47-105 Ом. Радиотехника, Компьютер және байланыс сөздігі, Алматы 2007
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Нақыштаушы резистор · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.