Орташа тәуелділік өлшемі таратылатын хабардың априорлық (алғашқы) қатесінің керексіз болу дірежесінің бұзылуына және бөгеуілдерге немесе хабардың дұрыс қабылдану ықтималдылығына байланысты болады. Орташа тәуекелділік ықтималдылығының ең аз мәнін қамтамасыз ететіндіктен, оны қолдану ыңғайлы. Мәлімет тарату жүйесінің жобасын жасағанда хабар көзінен шығатын ақпараттың және байланыс арнасындағы бұзылу мен бөгелудің сипаттамалары белгілі болады. Мұнда қатенің керексіздік дәрежесін анықтау қиын. Оны белгілеу, әдетте, жобалауға байланысты. Бұл дәрежені жеңілдететін бірнеше әдістер бар. Солардың бірі – қатенің бәрі бірдей әсер етеді деп алу. Барлық қателердің керексіздік дәрежесі бірдй деп қарағанда отраша тәуекелділік ықтималдығы қате қабылданудың толық ықтималдығына тең. Сөйтіп, қателердің керексіздік дәрежесі бірдей деп санағандағы орташа тәуекелділікьің ең аз өлшемі қатенің толық ықтималдық өлшемімен анықталады. Мұндай өлшемді мүлтіксіз бақылау өлшемі деп немесе В. А. Котельников өлшемі деп айтты. Өйткені ол осы өлшемді 1946 жылы өзінің потенциалды бөгеуілге орнықтылық теориясын құрғанда қолданған. Радиотехника, компьютер және байланыс сөздігі, Алматы 2007