Қонақай, Қызылащы, Айғыржалөзен – Түндік алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км. Жалпы ұзындығы 14 км болатын 5 саласы бар.

Бастауы Бастауын Тілеуімбет тауларының шығысындағы бұлақтардан алып, Масашат қыстауы маңында Түндік өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Өзен арнасының басым бөлігі жарқабақты (жоғарғы ағысында), сайлы-жыралы (орта ағысында) жерлермен өтеді. Негізінен қар, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде арнасында 15-18 күн су жүреді. Жылдың қалған мезгілінде қарасуларға бөлініп қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы өзендері